ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ЖАЙЫЛЫМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ

413 көрілім

Жайылымдық учаскелерді ұтымды пайдалану және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Тек соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 млн гектар бос және 3 млн гектар заңсыз берілген жайылымдарды анықтады, олардың 5 млн гектары мемлекетке қайтарылып, 4 млн гектары айналымға тартылды.

Бүгінде елімізде шамамен 15 млн гектар қоғамдық жайылымдар жетіспейтіні анықталды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюымен проблемалар туғызады.

Жағдайды жақсарту үшін ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Мемлекетке қосымша 5 млн гектар қайтару жоспарлануда.

Жайылымдарды беру кезіндегі бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы