АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА АЙЫРЫЛАДЫ?

678 көрілім

Ата-ана ата-аналық құқығынан келесі жағдайларда айырылады:

  • ата-ана міндетін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент
    төлеуден қасақана жалтарса;
  • дəлелді себептерсіз өз баласын перзентханадан (перзентхана
    бөлімшесінен), жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз
    қалған балаларға арналған ұйымдардан жəне тағы басқа
    ұйымдардан алудан бас тартса;
  • өздерінің ата-аналық құқықтарын теріс пайдаланса (мысалы,
    баланы оқытуға қасақана кедергілер келтірсе; балаларын
    қайыршылыққа немесе ұрлықшылыққа баулыса; баланы
    жезөкшелікпен айналысуға итермелесе; балаларды спирттік
    ішімдіктер немесе есірткі тұтынуға тартса);
  • балаларына қатал қараса, оларға физикалық немесе психикалық
    зорлық-зомбылық көрсетсе, оны жыныстық қылмысқа итермелесе;
  • спирттік ішімдіктерді немесе есірткі құралдарын, психотроптық
    заттарды жəне (немесе) соның аналогтарын пайдаланса.

Ата-ана өз баласының, жұбайының немесе отбасының басқа
мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана
қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде, ата-аналық құқығынан
айырылады.

Ата-аналық құқығынан айыру сот тəртібінде, прокурордың жəне
қорғаншылық немесе қамқоршылық қызметімен айналысатын
мекеменің қатысуымен жүргізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы