3.5 ЖЫЛДА 78395 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

198 көрілім

Заңсыз жиналыстар мен шеру­лерге қатысқан 123 адам поли­цияға жеткізіліп, әкімдік, прокуратура қыз­меткерлері, қоғам белсенділерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстарынан кейін қайтарылған, ал 15 адамға ресми заңға түсіндірме берілген. Қаңтар оқиғасы кезінде Түркістанда да аздаған топ жиналып, тіпті арандатушы­лық әрекеттер жасауға талпынған болатын. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін 22 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл салынды. Бұзақылық жасаған немесе заңсыз қару сақтаған 4 адам қылмыстық жауапқа тартылып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұл орайда қала прокуроры жер­гілікті атқарушы және құқық қорғау орган­дарының үйлесімді жұмысының нәти­жесінде «Қасіретті қаңтар» кезінде қала аумағында жаппай тәртіпсіздік пен то­наудың алдын алып, қоғамдық-саяси ахуал­дың шиленісуіне жол беріл­ме­генін айтады.

Жаннұр Асқарбекұлы жалпы, қала прокуратурасы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау, яғни қылмыстық қудалау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау барысында соңғы 3,5 жылда қылмыстық істер бойынша 622 нұсқау беріп, 58 рет процестік прокурор тағайындалды, 697 заңсыз қау­лының күші жойылды, 44 іс қосымша тергеуге қайтарылса, прокурормен 9 қылмыстық іс және 36 жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылды. Жасырылған 23 қылмыс анықталды, қалалық полиция басқармасының қызметтік бөлмелерінен заңсыз ұсталып отырған 14 адам босатылды. Заң бұзушылықтарға жол берген 111 полиция қызметкері тәртіптік жауап­тылыққа тартылды. Мемлекеттік айып­тауды қолдау және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қада­ғалау саласында прокурорлар соттар­да қаралған 747 адамға қатысты 650 іс бо­йынша мемлекеттік айыптауды қолдаған. Апелляциялық өтінішхаттар негізінде 6 адам­ға қатысты 3 іс бойынша үкімдер өз­гертілді. Соңғы 3,5 жылда қадағалау акті­лері бойынша 132 970 жеке және заңды тұлғаның, соның ішінде 5 898 кәсіпкер мен 78 395 кәмелетке толмаған баланың құқықтары қорғалды. 5 981 заңсыз құ­қық­тың актінің күші жойылған немесе заңнамаға сәйкестендірілген. Тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа 451 адам тартылды. Тексеру нәтижесімен тіркелген материалдар бойынша 6 қылмыстық іс қоз­ғалғандығын  айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы