«НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА» АТТЫ КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

935 көрілім

Бүгін Түркістан қаласындағы “Жеңіс” саябағында ұлттық домбыра күніне орай «Нағыз қазақ – домбыра» атты күйшілер сайысы болып өтті. Жас күйшілер сайысына түркістандық мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Байқау қатысушылары күй тартыста үш күйден тартып, өздерінің өнерлерін асқан шеберлікпен танытты.

– Бұл байқау өз ұлттық дәстүрімізді көрсету, дәріптеу, қадірлеу, жас жеткіншектерді патриоттық тәрбиеге баулуға арналған іс-шара болып саналады. Домбыраның құдіретін, жас өрендердің күй тарту дағдыларын қалыптастыру мақсатында балаларымызды жинап отырмыз, – деді саз өнері мектебінің ұстазы, оркестр жетекшісі Ерлан Асқарұлы.

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра деген ұстанымды берік ұстанған күйшілеріміз бүгінгі домбырашылар байқауында ешбірі жүлдесіз қалмады, барлық қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы шараға арнайы келген қонақтар мен қала тұрғындарының көңілінен шыға білді.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы