- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысы аймағындағы БАҚ-ның бас редакторлары мен республикалық меншікті тілшілермен жүздесті. Галстуксіз кездесуде министр тілшілер қауымымен ашық пікір алмасып, медицина саласындағы жаңашылдықтармен таныстырып өтті.

Республикамыздағы емханалардың біріндегі бас дәрігердің 5 немесе 6 орынбасары бар екенін мысал еткен министр кадр мәселесін сынады. 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетіндігін айтқан Елжан Амантайұлы бас дәрігерлер халыққа түсіндіру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілу қажетігін сөз етті.

Бейресми басқосуда журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға министр тиісінше жауап берді.
Қосымша толыққанды ақпаратты газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
«Түркістан».