«ОТЫРАРДА ТОЙ БАСТАЛДЫ»

789 көрілім

Отырар ауданында Қазақстанның Халық жазушысы, белгілі ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойы өтті. Кең көлемде тойланған ақынның мерейтойы бір топ зиялы қауымның Арыстанбаб кесенесіне зияратымен басталды.

Одан соң «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Сапар» орталығында «Отырар өркениеті және Шаханов шыңы» атты музей қызметкерлерімен кездесу өтті. Аталған жиында белгілі сатирик К.Әмірбек Мұхтар ағамыздың қазақ поэзиясына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, мерейтойдың ақынның туған топырағы Отырардан басталғанына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, кездесу барысында музей директоры Ж.Махашов:

– Жыр әлемінде өз ойы мен шындығын жүйелі көркем тілде, ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлаған ақынның еліміздің тәуелсіздігі мен ана тілі үшін қосқан еңбегі орасан, – деп бағалады. Кездесуді пайдалана отыра Ж.Махашов кеш қонақтарына алғыс айтып, ақынға шапан шауып, құрмет көрсетті. Кездесу айтулы ақынның ақ батасымен аяқталды.

Бұдан әрі мерейтой аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет сарайында жалғасын тапты. Аудан тұрғындары әлем таныған тұлғаға ерекше құрмет көрсетіп, ат мінгізді. Сырлы сұхбат, әсерлі әңгіме үйлесім тапқан кешті Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдәзім жүргізді. Қазақ өлеңін өзіндік өрнегімен көркемдеген ақын кеші белгілі айтыскер, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбековтың арнауымен басталды. Аталған жиынға қатысқан ел ағалары мен зиялыларының ішінде Қуаныш Айтаханов, Құлбек Ергөбек, Көпен Әмірбек, Жеңісбек Мәуленқұлов, Қазыбек Иса, Әлімжан Құртаев, Серікжан Сейітжанов, Ханбибі Есенғарақызы, Қалима Жантөреева, Бекжігіт Сердәлі болды. Кеш барысында ҚР Мәжіліс төрағасынан, Қызылорда облысы әкімінен және еліміздің әр аймағынан келген жедел құттықтаулар оқылып, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиевтің ыстық лебізі тыңдалды. Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан облыс әкімінің құттықтауын, сый-сияпатын жеткізді. Мерейтой Хадиша Шалабаева бастаған әншілердің өнерімен жалғасын тапты.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы