- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін “AMANAT” партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы С.Асылбеков және Сауран аудандық мәслихатының депутаты Е.Арынов Оранғай ауылдық округте ауыл тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.
Көшпелі қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар, ауылдың келешегін ойлайтындарын айтты. Атап айтар болақ, алдын ала қабылдауға жазылған, Қосқорған елді мекенінің тұрғыны зейнеткер Ж.Қасимовтың көтерген мәселесі Оранғай мен Қосқорған елді мекені арасын жалғап тұрған жол торабының 12 шақырымы жөндеуді қажет ететінін айтты. Аудандық мәслихаттың депутаты Е. Аринов Оранғай мен Қосқорған елді мекенінің арасындағы жолды жөндеуге, 88 млн. қаржы бөлініп,сметалық құжаттары дайындалды, аталған қаржыға қазіргі таңда медігер мекемені анықтау үшін, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде, медігер мекеме анықталған соң ағымдағы жөндеу жұмыстары басталады. Ал күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланғандығын жеткізді.

Сонымен қатар М.Досановтың айтқан мәселесі, ауылда тас заводтар, құс фабрикасы бар. Жалпы осы ауылда жұмыс жасайтын осындай заводтар, кәсіпкерлер, кіші кәсіпорын мекемелері өздерінің кәсіпкерлігін ауданға тіркесе деген өтінішіміз бар. Аудандық мәслихат депутаты Е.Аринов бұл мәселені қарап заң аясында түсіндіріп шешілуіне ықпал жасайтынын айтты.

Келесі қабылдауға келген кісілер, Д.Рүстемов, Ж.Медетбекова, Г.Ибадуллаева және С.Ахмедов біршама мәселе қозғады. Өз кезегінде Г.Ибадуллаева Оранғай ауылында спорт кешені ашылды, сол спорт кешенге ауыл тұрғындарын жұмысқа алса деген ұсыныс айтты. Сонымен қатар Оранғай ауылына фельдшерлік-акушерлік пункттің әлеуметтік желісін ашса деген мәселе көтерді.

Қоғамдық қабылдауға келген, Құсшы елді мекені тұрғыны Ж.Медетбекова ауылдық әкімшілікте әлеуметтік қызметкердің орыны бос екендігін айтып жұмысқа тұруына ықпал жасауын жеткізді. Аудандық мәслихат депутаты Е.Аринов ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін жеке-жеке тыңдап заң аясында жауап беріп тиісті шешімдер қабылдап, Ж.Медетбекованың көтерген мәселесі оң шешімін табатындығын жеткізді. Аталған мәселелердің орындалуын өз бақылауына алатындығын айтты.