АМАНАТ ПАРТИЯСЫ КӨМЕККЕ ЗӘРУ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ҚАРАСТЫРУДА

388 көрілім

«AMANAT» партиясы қоғамдық қабылдауына көмек сұрай келген Қарашық ауылдық округі, Құмтиын елді мекенінің тұрғыны Истамқұлова Жақсыкүл Мусировна өзінің тұрмысының төмендігін, ауырып емділіп жүргендігін, Нұр-Сұлтан қаласына барып қаралу үшін қаржысының жеткіліксіз екендігін айта келе материалдық көмек сұрап келген болатын. Құмтиын елді мекені тұрғынының мәселесі бойынша “Amanat” партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асылбеков Сағынбек Жақсыбекұлы демеушілермен бірге материалдық көмек көрсетті.

Дәстүрлі түрде өтетін партияның қоғамдық қабылдауына аудан тұрғындары түрлі сұрақпен келеді. Осы тектес қабылдауға келген тұрғындар шағым ретінде өзге де әлеуметтік түйткілдерді мәселе етіп көтереді. Оларға мамандар тарапынан заң аясында жауап беріліп, тиісті шешімдер кабылдануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы