Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру жолындағы тұңғыш Жолдауын арнады. Стратегиялық құжатта елді көптен күттірген мәселелер қозғалды. Оның ішінде Елбасы Н. Назарбаев төрағалық етіп отырған «Nur Otan» партиясы туралы айтылды. Қ.Кемелұлы партияның жетекшілік рөліне тоқтала келіп оның Қазақстанның дамуындағы орнын айқындады.
Жетекші партияның беделі ел ішінде ғана емес шетелдерде де байқалады. Яғни, әріптестік келісім-шарттар түзуде, ынтымақтастық құруда, елдің мақсат-мүддесін қолдайтын, көздейтін шаралардан байқауға болады. Сондықтан болар партияның рөлін халықаралық ұйымдар да мойындайды.
Елімізде партия мүшелерінің қатары күн санап артып, «Жастар жылы» аясында мыңдаған жастармен толығуда. Мемлекетіміздің ынтымақтастығын мызғымастай берік етеу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Түркістандық әріптестер де ел игілігі жолындағы шараларда белсенділік танытып, атсалысып келеді. Әсіресе, қалалық мәслихат құрамындағы «Nur Otan-дықтар» барлық игі бастамалардың жүзеге асырылуына, оның негізгі идеяларының дамуына бірге жан-жақты үлес қосып отыр.
Президент өз Жолдауында партия ұстанымын қолдай отырып, оның ел ішіндегі биік мәртебесінің арта түсуіне өз тілектестігін білдірді. Жолдау – мемлекетіміздің ертеңгі күнге жасаған жоспары. Алдағы күндердің орындалар шарасы – баянды болашағымыздың көрінісі.
Алмас ТЕМІРБАЕВ,
«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.