ЖОЛДАУ ЖІТІ ТАЛҚЫЛАНУДА

1  350 көрілім

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2-қыркүйек күні халыққа жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында аталған міндеттердің барша қазақ жұрты үшін маңызы зор. Бұл Жолдаудың басымдығын кеңінен түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық-насихат тобы жұмысын бастағандығы бұдан алдын да жазылған еді. Аталған жұмыстарды жандандыру аясында бүгін қаламыздағы мəдениет үйінде облыс əкімінің орынбасары Сəкен Қалқаманов бастаған зиялы қауым өкілдері тұрғындармен жүздесті.


Кездесуде өңірдегі білім саласы, жастар мәселесі кеңінен айтылды. Ал, жарыссөзде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры Досай Кенжетай Жолдауда міндеттелген 5 бағытты айшықтап өтті. “Бұл талқылау емес, талдау мәселесі. Қоғамдық диалог, сұхбат болмаған жерде расында, ешқандай құндылықтар жүзеге аспайды. Ал, ең басты құндылық – сенім. Ол – мемлекеттік институт пен қоғамдық институт арасын байланыстырудағы басты күш. Әсіресе, Президентіміздің азаматтардың құқықтық қажеттіліктеріне назар аударғандығы көңіліме қуаныш сыйлады. Кемеңгер тұлғамыз Олжас Сүлейменов: “Қазақстанға жаңа дәуір келе жатыр” деп айтқан болатын. Бұл сөзіне үлкен үмітпен қараймын”, – деген ойымен бөлісті.


Түркістан жоғары медицина колледжінің Жастар ұйымының төрағасы Бақытжан Дүкенбай да бұл Жолдаудың білімді жастар үшін аса маңызды екенін тілге тиек етті. Ол өз сөзінде Тəуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші Президент атанған Қ.Тоқаевтың əрбір көтерген мəселелерін орындауда жастардың белсенділігі мен немқұрайлы болмауы қажет екенін баса айтты.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы