ТҮРКІСТАНДА СУҒА БАТЫП КЕТКЕН ЕКІ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТ ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

435 көрілім

Ақсу шатқалындағы Ақсу өзеніне 21 жастағы Үндістанның екі азаматы суға түсіп, батып кеткені белгілі болды. Олар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.

26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түсті. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Барлығы Үндістан азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері

Ведомствоның хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері, 1 жүзу құралы мен 4 техникасы, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техника жұмылдырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы