“AMANAT”: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАҒА СӘЙКЕС АЯЛДАМАЛАР САНЫ АРТУДА

475 көрілім

“AMANAT” партиясының “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!” атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес, Түркістан облысы, Түркістан қаласына қарасты 2025жылға дейін 120 аялдама (2021 ж 30, 2022 ж 30 ,2023-2025 жылдары 20-дан ) салу жоспарланған болатын.

Қала көшелерінің бойына автобус аялдамаларын орнату мақсатында 100 аялдама орнату үшін “Дормаркет” ЖШС-мен келісімшарт түзілді. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша, қалада 85 аялдамаға артты. Олар: Тынышқұлов , Б. Майлин ,. С.Марайым , С.Ерубаев , Қазыбек би, С.Талқанбаев , Тәуке Хан даңғылы.

О.Жандосов көшелерінде жасақталды. Одан бөлек ,Т.Нышанов ,Шекті тілеу Жолдаяқ, О.Жармұханбетов, Тараз, Ж.Майкатов , Қожа Ахмет Ясауи, Т.Бокин, Саққорған, Шойымбет би көшелерін де қойылған. Айта кетейік, биыл қалада 30 аялдама орнатылды. 2022 жылдың шілде айына дейін 20 аялдама орнату жұмыстары аяқталады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы