ОБЛЫСТЫҚ ДЕПУТАТ САУРАНДЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

710 көрілім

«Amanat» партиясы Сауран аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Әуен Кеңес Әуенұлы жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға алдын ала жазылған Шорнақ ауылы, Аша елді мекенінің тұрғыны Айдархан Кәусар жұмыссыз екендігін айтып, жұмысқа орналастырып беруін сұрады.

Кеңес Әуенұлы заңға сәйкес Жұмыспен қамту орталығына хат жолдап, алдағы уақытта тұрғынның жұмысқа қабылдануына ықпал жасайтындығын жеткізді. Сонымен қатар, Жүйнек ауылының тұрғыны Халид Умида есімді ана қызының денсаулығының нашар екендігін айтып, дәрігерге көрсету бойынша мүмкіндік пен көмек сұрады.

Депутат тиісті мекемелерге хабарласып мәселені шешіп беретіндігін айтты. Қабылдауда болған Хабибуллаева Хадиша мен Азимова Ұлжан есімді жалғыз басты ана екендігін айтып, әлеуметтік көмек сұрап келді. Кеңес Әуенұлы қолдап көмек көрсететіндігін жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы