ҚАЙТЫС БОЛҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЖҰБАЙЛАРЫНА МЕРЕКЕЛІК СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ

275 көрілім

«Қазақстан Полициясының 30 жылдығына» байланысты Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында қызмет бабында жүріп, өмірден өткен полицейлердің әйелдеріне сыйлықтар берілді.

Жиынға қызмет артқару барысында жұлдызы ерте сөнген қызметтестері Бағдәулет Елшінбеков, Мұхтар Сарыбаев, Рысбай Құдайбергенов, Айтжан Ғайбуллаев, Расул Наршабаев, Атымтай Ахметовтердің жұбайлары мен жақындары келді. ТО ПД бастығы аталған ақжаулықты аналарға гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтарын табыстады. Сонымен қатар А.Ахметовтің жұбайы Гүлмира ханымға, Сарыағаш қаласындағы шипажайға жолдама тарту етті.

«Полиция қызметкері таңертең жұмысқа шыққанында, өзін алда не күтіп тұрғанын білмейді. Мүмкін ол қарулы қылмыскермен бетпе-бет келетін шығар. Мүмкін ұрыны, алаяқты ұстайтын болар. Ал күдіктілерді құрықтау кезінде оның полицейді жараламайтына кепілдік жоқ. Десекте халыққа қызмет етемін деп ант берген полицей, қандай жағдай болмасын өз жанын қиюға әзір. Бізде тарих беттерінде бұған дәлел болар оқиғалар жетерлік. Олардың ерлігі әрқашан біздің жадымызда!», – деп атап өтті. Түркістан облысының полицейлері бүгінгі күннің батыры саналатын, аталмыш полицейлердің есімдерін, олардың отбасын тек мереке күндері ғана емес, әрдайым қолдап, қал-жағдайларын біліп отыруды дәстүрге айналдырған. Ең бастысы «Ер есімі – ел есінде», деді бас полицей М.Қабденов.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары