ЕРТЕҢ «ТОМИРИС-ТҰРАННЫҢ» ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛАДЫ

565 көрілім

Өткен жылғы футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатына түркістандық арулардан құралған «Томирис-Тұран» командасы керемет нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанған болатын. Өткен жылы ғана жоғары дивизионда өнер көрсетуіне қарамастан, 2022 жылы футболдан әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды. Осындай жоғары жетістікке жеткен «Томирис-Тұранның» бұл жетістігі қандай мақтауға болса да лайық. Команданың жұлдыздай жарқырар сәті әлі алда деп сенеміз.


Естеріңізге сала кетейік, 2021/22 маусымынан бастап әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасы жаңа форматта ойнатылады. Командалар алғашқы турдан бастап Чемпиондар жолы мен Лига жолында бірнеше топқа бөлінеді. Екі жолдың да іріктеу кезеңі бірдей. Бірінші кезеңде командалар шағын турнирлер форматында жарысады, оның жеңімпаздары топтан шығады. Екінші айналымда командалар жұптасып, бір-бірімен үйде және сыртта ойнайды. Қазақстандық екі команда да жарысқа алғашқы турдан бастап қатысады.


Құдай бұйыртса ертең жеребе тартылады. Түркістан облысының «Томирис-Тұран» командасына жеребе жолдас болсын дейміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы