МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ШЕБЕРЛІК САБАҚ ӨТТІ

133 көрілім

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің басқарма басшыларына қоғаммен байланыс және дағдарыс кезеңіндегі коммуникация тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Спикер ретінде облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов баяндама жасап, Қазақстан және әлемдегі белгілі тұлғалардың БАҚ тілшілерімен және жұртшылықпен сұхбат барысында жіберген кемшіліктері, елмен кері байланыс жасау бойынша әңгіме өрбітті.


“Ақпараттар ағыны секунд сайын жаңарып отыратын XXI ғасырда әр мемлекеттік қызметші өз саласы бойынша кез келген сұраққа сүрінбей жауап беріп, ашықтықтан қашпау керек. Бұл – мемлекеттік қызметті таңдаған кез келген маманның міндеті”, деген Сәкен Амангелдіұлы мемлекеттік қызметшінің мәртебесі, оның көпшілік алдында өзін-өзі ұстауы, дағдарыс жайында коммуникация жүйесін реттеу, сөз саптауына дейін жіктеп, түрлі оқиғаларға талдау жасады.


Сондай-ақ дәріске қатысушыларға кез келген дағдарыс кезінде ресми ақпаратты шұғыл тарату, қоғамда тұрақтылықты сақтау алгоритміне сәйкес жұмыс жүргізу жүйесі түсіндірілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары