ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

465 көрілім

Бүгін Түркістан облыстық әкімдігінде жалпыұлттық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысқаны үшін, конституциялық реформаны табысты жүзеге асыруға және Жаңа әділетті Қазақстанды құру ісіне үлес қосқаны үшін Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Облысымызға жұмыс сапарымен келген “AMANAT” партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек пен ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Ерлан Сайыров, Жанарбек Әшімжановтар салтанатты шараға қатысып, депутаттарды марапаттады.

Сонымен қатар, жиынға Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев қатысты. Жиын барысында жұмыс сапарымен келген депутаттар референдумға белсенді қатысқа түркістандықтарға алғысын білдірді.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы