Біз зайырлы қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында құқықтық мәселеге көбірек ден қойды. Оның ішінде: «Азаптауға байланысты қылмыстарды тергеу ісінде жүйелі ұстаным болуы маңызды.
Қазіргі таңда осы мәселеге жауапты нақты бір орган жоқ. Мұндай жағдай белгілі бір тәуекелдер туындатуы мүмкін. Сондықтан бұл құзыретті Бас прокуратураға беруді ұсынамын. Осындай ұстаным тергеудің объективті және бейтарап жүргізілуін қамтамасыз етіп, құқық қорғау саласындағы бас-сыздықты жазасыз қалдырмау қағи-датын бекіте түседі», – деді Президент.
Міне осы тапсырмасының жалғасы ретінде күні кеше ғана өткізілген референдум қорытындысы бойынша жасаған Үндеуінде осы мәселеге нақты тоқталды.
«Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз. Құқықтық реформа аясында Конституциялық сот қайта құрылады. Оның қаулыларына жедел әрекет ету тетігін енгізу қажет. Сонда азаматтарымыз осы аса маңызды институт қызметінің пайдасын сезіне алады. Жаңа, Әділетті Қазақстанда полицейлердің озбырлығына, біліксіз прокурорлар мен біржақты судьяларға жол берілмейді. Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінің шын мәнінде өзгергенін қалайды», – деп халықтың да осы мәселені күтіп отырғандығына тоқталды.
Жасыратыны жоқ, құқық қорғау орындары тарапынан жоспарды тез орындау мақсатымен көрсеткішін көбірек етіп белгілеу үшін түрлі заңсыздықтарға баратыны өтірік емес. Ендігі жерде азаматтық қоғам орнап, халық билігі үстемдік етер тұста мұндай бейбастақ әрекеттерге жол берілмейді.
Батырхан САНСЫЗБАЕВ, Түркістан қалалық Ішкі істер ор-ганы және Ұлттық ұлан ардагерлері ұйымы төрағасының орынбасары.
