САЙЫН ДАЛАНЫ ШӨЛЕЙТТЕН ҚОРҒАЙЫҚ

634 көрілім

– Қайырбек Сәрсенбекұлы, соңғы жылдары Орта Азия елдері ғана емес, әлемде күннің күрт жылынуы салдарынан, даламыз шөлейттеніп, азық-түлік тапшылығы орын алуда. Бұл өзекті мәселе сіздердің аудандарыңызды да айналып өтпеген болар.

– Дұрыс айтасыз. Бұл мәселеге қатысты сұхбат беріп, шырылдап келе жатқанымызға бес жылдан асты. Жақын арада біздің өңір Созақ ауданының өңірі жалпы жаңа өздеріңіз айта кеткендей шөлейтті аймаққа жатады. Шөлейтті аймақ дегеніміз құмды өңір, оның ішінде бетпақдаламыз бар. Төрт млн бір жүз төрт мың гектар алқап жер бар.

Оның ішіндегі жайылым жеріміз 3 миллион гектардан асады. Қалғаны құрылыс, таулы аймақ. Елді мекендердің жайылымдық жерлері. Соның ішінде 14 мың гектардан аса егістік жеріміз бар. 7 мың гектардан аса шабындық жерлеріміз бар. Биыл жалпы 13 912 гектар жерге егістік жоспарлап, соны жүзеге асырдық. Соның ішінде нақты айта кететін болсам бидайға 300 гектар, арпаға 900 гектар,мақсарыға 1000 гектар, 3000 гектардай ескі жоңышқамыз бар, қалғанының барлығы жоңышқа, бақша дақылдары 500 гектардан болады.

– Су тапшылығынан қалай құтылып жатырсыздар? Су үнемдейтін жаңа технологияларды пайдаланып жатырсыздар ма?

– Ендігі мәселе қазір біздің мемлекеттің негізгі ұстанымы шаруа қожалықтарға жаңа саяси нәрселерді түсіндіру. Жаңа бағытқа бұру, совхоздың кезіндегі көл-көсір суды пайдалануды шектеу. Негізгі бағытымыз- мал тұқымын асылдандыру және шаруа қожалықтарын суландыру бағытына қарай өткізу. Суландыру бағыты дегеніміз не?

Бұл жерде қазір су тапшылығы бар, былтырғы жылы мал азығы өте қымбат болды. Маңғыстау облысы оның ішінде Түркістан облысындағы Шардара, Жетісай, Мақтаарал деген аудандарда құрғақшылық болуына байланысты шөп те, мал азығы да қымбат болды.

– Өткен жылы Маңғыстау, Қызылорда облыстары ғана құрғақшылықтан зардап шеккен жоқ. Түркістан облысы аумағындағы бірқатар мал өсірушілер де қиындық көрді. Сіздер бұл мәселеден қалай іргелеріңізді аулақ салдыңыздар? Бұл күрделі мәселені қалай шештіңіздер?

– Біздің Созақ ауданында жалпы өңіріміз теріскей болғанымен былтырғы жылдары біздің шаруаларға қолайлы болды. Жылдың басында 2021 жылдың 10-17-мамыр күндері 3 күн тоқтамастан 1 м көлемінде қар жауды. Салдарынан малдың шығыны болғанымен, ал пайдасы көктемдегі шөптің қаулап өсуіне көп септігі болды. Суғармалы алқаптардан 250 преспен әр гектарына 400 пресс алатын болсақ, су екі еселеп мол болды. Егістіктердің өнімі көп болып, басқа өңірлерге қарай біздің өңірлерден сатылды. Мысалға Сауран ауданы, Шардара, Қызылордаға деген секілді. Арнайы аудан әкімдерінің тапсырмаларымен бекеттер қойдық.

Біз өзіміздің шаруамызды алдымен қамтиық деген мағынада біраз іс тындырдық. Былтырғы жылы аудандарымыздағы шаруаларымыз басқа жақтарға қарағанда дұрыс шықты. Ал енді негізгі жағдайымыз су тапшылығы деген бар. Жайымыз соған қатысты болып отыр. Біз қазір шаруалардың ортасында, жиналыстарда да мүмкіндігімізше дұрыс түсіндіруге тырысудамыз. Қазіргі бағытымыз шаруа қожалықтарын жаңбырлатып суғару технологиясына бейімдеу.

– Бұған мемлекет тарапынан қандай көмектер болып жатыр?

– Қазіргі заманда үнемдеп суғару, қазіргі жаңа суғармалы технологияларды телефон арқылы басқару деген де мәселе бар. Соларды- заманауи талаптарға сай келетіндерін өздерінің алқаптарына қондырып қою арқылы әрі үнемдеп суғаруға болады. Бұл өз уақытыңызды үнемдеу ғана емес, инвестициялық салымдар есебінен кеткен шығындарды өтеу бойынша, бұл қаражаттың мемлекеттің 317-бұйрығы бар. Сол үнемдеуге кеткен шығындардың 50 пайызын өтеу және техникалық шығындардың 25 пайызын мемлекет жабады деп көрсетілген.

Бұл өндіріс желісі бойынша алдымен шаруа қожалығы бірінші жұмыс істейді. Техниканы, жаңбырлатып суғару аппараттарын алып келеді. Мемлекет соған тиісті құжаттары заңды болса, субсидиясын (қайтарымсыз қаржысын) төлеп береді. Сол бойынша біздің ауданда жаңбырлатып суғару технологиясы бойынша бірнеше шаруа қожалықтары кірісуде. Оның барабанный деген, сосын дождиванный деген машиналары бар. Екі шаруа қожалығы бел шеше кірісуде. Қазіргі таңда екі шаруа қожалығы барабанныйды алып келді. Бір шаруа қожалығы документтерін рәсімдеуде. Барабанныйдан бесеу дождиванныйдан үшеу болайын деп тұр. Барлығы жетеуге жетпек. Шаруаларымыз заман талабына сай өтуде. Біз шаруа қожалықтарына соны түсіндіріп, субсидияларын (қайтарымсыз қаржыларын) көмек беріп, осындай бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

– Ал, енді егіншілік бау бақша өз алдына. Ұланғайыр сайын далада мал бағып, оның ішінде жылқы өсіруден қазақтың атағы шыққан емес пе?

– Иә, біздің екінші бағытымыз мал шаруашылығы. Біздің өңір өнеркәсібі дамыған мал шаруашылықты аудан деп аталады. Өйткені, біздің аудан Кеңес Одағының кезінде алдарына 1 миллионға дейін қаракөл қойын өсіреміз деген жоспарлы тапсырма қойған. 800 000-ға дейін мал басы болған.

Қазіргі біздің бағытымыз, мемлекеттің бағыты шаруаларға қарапайым мал асырағаннан гөрі оның тұқымын асылдандыру арқылы жақсы төл алу. «Бұқа алыңдар. Қошқар алыңдар. Асыл тұқымды мал алыңдар» деп шаруаларға айтып келеміз.

Енді бұқа бойынша айтып кетейін, былтырғы статистикалық мәліметке қарағанда, биылғы 4 ай бойынша 625 басты бұқа бар. Сонымен қатар ауданға 25 басты бұқа әкелінген. Арнайы 150 000 бұқаға қосып субсидиясын (қайтарымсыз қаржысын) береді. Асыл тұқымды сиыр алып келеді. Әр басқа 25-10 мың теңгеден төленеді. 250 мың теңге қосқанда 25 сиырын алады. 150 мың теңгеге бұқашық әкелген шаруа, бір жылда 400 мың теңгеге дейін жеткізе алады. Асыл тұқымды бір бұқаның нарықтағы құны салмағына қарай – 250-300-400 мың теңгеге дейін барады.

– Ал, енді мал басын көбейту мен асылдандыру, оны жергілікті жерге бейімдеу, жерсіндіру бойынша ғалымдар не дейді?

– Қошқардың саудасы қыркүйек айынан кейін басталады. Былтырғы жылы асылдандыру бағытына бес шаруа қожалығы өтті. Қошқарға мемлекет субсидиясын төлеп береді. Шаруа қожалықтары ғылыми зерттеу институттарымен бірлесе жұмыс істейді. Олар асыл тұқымды шаруа қожалықтары деп аталады. «Тұрлан» деген асыл тұқымды шаруа қожалығы бар. Мемлекет әр қойдың басына 4 мың теңге субсидия төлеп отырады. Мың бас қойыңыз болатын болса, мемлекеттен жылына 4 млн теңге алып отырасыз деген сөз. Бұның өзі мемлекеттің шаруаларға деген көңіл бөлуінің белгісі.

– Осы асыл тұқымды мал басын көбейту болсын, егін шаруашылығы болсын жаңа, заманауи техникаларсыз аттап баса алмайды. Осыны мемлекет тарапынан инвестиция тартып, қолдау қалай жүзеге асырылуда?

– Енді былтырғы жылы ауыл шаруашылығына арналған инвестиция әр түрлі техникаларды алу кезіндегі ақшаның бөлінуі, оған шамамен 320 миллион теңге бөлінді. Биылғы жылғы жоспарымыз бойынша 400 миллион теңге жұмсау көзделіп отыр.

Тамақ өнеркәсібіне тартылатын инвестицияның жалпы көлемі 105 миллион теңгеге жеткізілмек. Тамақ өнеркәсібі дегеніміз тартылып жатқан тұз бар. Бес тұз өндіретін цехтарымыз бар. Ауыл шаруашылық техникаларынан 34 техника бар. Соның 31-іне қайтарымсыз қаржы (субсидия) бөлінді.

– Негізінен, бұл өңір шөлейтті болғандықтан түйе малын өсіруге қолайлы сияқты.

– Төрт түлік басына тоқтала кетсек. Қазіргі таңда ауданымызда ірі қара саны -37 123 бас, қой -256 353 бас, жылқы – 24 684 бас, түйе шаруашылығында- 13 452 бас ойсыл қара бар. Бізде түйе шаруашылығынан өңірлердің ішінде дамыған. Кезінде етті бағытта түйелер асыраған. Аруана сүтті бағыты және Қосөркешті етті бағыты болып екіге бөлінеді. Осыдан 3-4 жыл бұрын Түркістан қаласында Голден Кемал түйе сүтін шығаратын компания ашылды. Облыс әкімі карантиндік жағдайға қарамастан «түйе санын көбейту керек» деген тапсырма берді. Ол кезде ауданымызда түйе басы 12 мыңның жобасы-тұғын. Қазір 14 мыңға жобалап жақындап отыр.

Бір шаруа қожалықтың өзі мың бас түйе сатып алып келді. Созақ ауданы Жуантөбе ауылы округіне қатысты екі шаруа қожалығы мың бас түйе сатып алып келді. Бұрын 450-500 теңге болған қымыран қазір 1000 теңгеге көтерілді. Түйе шаруашылығымен отбасын асырап отырған азаматтарға тиімді болды. Былтырғы жылы түйе шаруашылығы қарқынды дамыды. Өйткені, зауыттың жақын орналасқандығы, қымыран бағасының өскендігіне байланысты болды.

Былтырғы 2021 жылы біздің ауданға жалпы көлемі 918 мың теңге субсидия бөлінді. Оның ішінде 73 құдық қазылды. Арнайы оған мемлекет бюджет бөледі. Осыдан 4-5 жыл бұрын құдықтың саны бір-екеу болған. Құдық ұңғыма құдық 3 млн гектардың құмды өңірінде шаруашылықта игерілмей қалған жерлер көп. 918 млн теңгенің 88 млн 375 мың теңгесі мал шаруашылығына алынды. Ірі қара бойынша 55 агроқұрылым, ұсақ мал бойынша 11 аграқұрылым болады. 55 аграқұрылым бойынша 75 млн 747 500 болса, 11 аграқұрылым 12 млн 627 000 теңге көлемінде субсидия (қайтарымсыз қаржы) алған. Оның ішінде жаңбырлатып суғаратын техникасы бойынша жаңбырлатып суғару және барабанный тамшылатып сағаратын техникалар болды.

– Қайырбек Сәрсенбекұлы, салиқалы сұқбатыңызға үлкен рахмет!

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы