ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР ОҚУШЫЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

1  326 көрілім

Дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Түркістандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы балаларға тегін киім үлестірілді. «Игі істің басына, жақсы келер қасына» демекші осымен екінші рет қолға алынып отырған қайырымдылық шарасына Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі мен әйелдер алқасы ұйытқы болды. Мәдениет үйінде өткен аталмыш жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев оқушыларға қолдау көрсеткен кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдарға алғысын білдірді. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, кәсіпкер Серік Боханов, әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі.


«Кәсіпкерлердің қолдауымен және қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесе екінші рет қамқорлық акциясын өткізудеміз. Алғашында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 74 оқушыға қуаныш сыйладық. Ал, бүгін облыс орталығындағы төрт мектептен 42 балаға жаңа киімдер тарту еттік. Теңізге тамған тамшыдай болсын болашағымыз саналған балаларымыздың жүздеріне күлкі үйірілтсек, білім алуына барынша жағдай жасасақ біздің арманымыздың орындалғаны»,- деді Ұлжан Мұстафаева.
Жиын барысында оқушылар мәдениет үйінің өнерпаздарының өнерін тамашалап, жаңа киімге қол жеткізді. Қуанышқа кенеліп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
«Түркістан ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы