“РӘМІЗДЕР КЕРУЕНІ” ШАРАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

819 көрілім

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай, бір ай бұрын бастау алған «Рәміздер керуені» республикалық шарасы қорытындыланды. Керуеннің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында елдігіміздің нышаны – рәміздерді ұлықтап, құндылығын насихаттау. Аталған керуеннің талаптары мен өз заңдылықтары болды.

Керуенді қабылдап алған өңір қорапшадағы кітапшада көрсетілген арнайы өзіне тиесілі бетке «Рәміздер керуенін» қабылдап алғаны бойынша жастардың фотосын қойып, кітаптың екінші бетіне рәміздердің 30 жылдығына орай, арнау өлеңдерін жазып жолдайды. Керуен еліміздің Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс аймақтарындағы қалаларға жетіп, Түркістанға оралды.Алдағы уақытта осы қорапшадағы рәміздерді «Ұлы Дала Елі» музейіне қою жоспарлануда.

Ашық аспан астында өткен шарада түркістандық жастар республика бойынша күндізгі сағат 10-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін өзге аймақтармен бір мезетте бірге орындады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы