РӘМІЗДЕРІМІЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

627 көрілім

Бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай қалалық әкімдіктің алдында мемлекеттік әнұран орындалды. Атаулы күнге арналған салтанатты жиын республика көлемінде таңғы сағат 10:00-де болып өтті.

Жиынға мемлекеттік қызметкерлер қатысып, түрленген Түркістан мен тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына жүрекжарды тілектерін білдіріп, рәміздерге құрмет көрсетті.


Сондай-ақ, Есім хан алаңындағы «Нью-Йорк баспалдағында» қалалық «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен белсенді жастар көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды әуелетті.

Салтанатты жиынға “Amanat” партиясының Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты Ғ.Сарсенбаев, қалалық мәслихат хатшысы М.Таңғатаров, Облыстық “Jas Otan” жастар қанатының төрағасы Ж.Жұман қатысты.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы