ХАБАРЛАНДЫРУ

1  949 көрілім

«Жастар жылына» орай Ұлы ақын – Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына  арналған  көркемсөз  оқушеберлері фестивалінің  ережесі

       «Жастар жылы», Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан қаласы әкімінің бастамасымен, қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 6 қыркүйек күні сағат: 11.00-де  «Жастар жылына» орай Ұлы ақын – Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған көркемсөз оқу шеберлері фестивалі өткелі отыр.

Ережелері мен шарттары:

Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі 14 пен 29 жас аралығында болуы тиіс.

  Байқау екі кезеңнен тұрады

1.      Байқаудың бірінші кезеңінде Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.

2.      Байқаудың екінші кезеңі Абайдың қара сөзінен үзінді оқу;(Абайдың қара сөзінен толық  оқуға болады) Үміткерлер өз шығармасының тақырыбына орай бейне ролик пайдалануға болады.

      Құжаттар  төмендегіше  5 қыркүйекке дейін қабылданады.

1.Өтініші; 

2. Орындайтын шығармасы;

2.13х18 суреті,

3.Төлқұжаты,

 4. өмірбаяны тапсырылуы тиіс.

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталады.

      Байқаудың өткізілу мерзімі: 2019 жылдың 6  қыркүйегі күні  сағат: 11.00-де  «Абай оқулары» фестивалі қалалық  мәдениет үйінде өтеді.

Анықтама алу үшін:     Түркістан қаласы, Есімхан алаңы,№1

                                           Қалалық мәдениет үйі.

                                           Хабарласу тел: 4-21-81, 87023170204

 

Tur_madeniet@mail.ru

Ұйымдастыру алқасы:  Қалалық мәдениет үйі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы