Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық өрлеу мен тұрмыс сапасын арттырудағы Қазақстан халқына арнаған тұңғыш Жолдауын түркістандықтар тікелей эфир арқылы тамашалады. Шаһар басшысы Рашид Аюпов, қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев бастаған зиялы қауым өкілдері «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты тарихи құжатты асқан ыждахаттылықпен тыңдады.


«Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын» – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ тарихындағы ұлы тұлғаларды дәріптеу мақсатында келесі жылы Абай Құнанбайұлының 175 және Әл-Фарабидің 1150 жылдығы кең көлемде аталып өтілетіндігін айтты. Сондай-ақ, мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлерінің жалақы мөлшерін арттыру, қоғамдық келісімді нығайту сынды түрлі салаға қатысты өзекті мәселелер сөз болды.
Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
«Түркістан».
