ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ДЕ БАСПАНА СЫЙҒА ТАРТТЫ

528 көрілім

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында 15 жылдан бері мектеп түлектері қайырымдылыққа үлес қосып, мұқтаждарға баспана алып беріп келеді. Бүгін Түлкібас ауданындағы Абай мектеп-лицейінің және Б.Садықов жалпы орта мектебінің 2002 жылы түлеп ұшқан түлектері бірге оқыған сыныптас достың соңында қалған жарына аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан 4 бөлмелі үй алып беріп, қуанышқа бөледі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуі өмірден өткен Айкерім Сыздықова осы уақытқа дейін үш перзентімен жалдамалы пәтерде тұрып келгенді. Бұны естіген күйеуінің сыныптастары 20 жылдықта той тойлап, думандатқанша, өмірден өткен достың әруағына құран бағыштап, қиындыққа душар болған әйеліне үй сыйлауды өзара шешкен.Игі шараға аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен, округ әкімі, ауыл ақсақалдары, мәслихат депутаттары мен ауданның бас имамы М.Серік, ардагер ұстаздар мен түлектердің ата-аналары арнайы қатысып, Бесбаевтар отбасын жаңа қонысымен құттықтады.

Ақын Әбдібек Аралбайұлы елге үлгі боларлық бастамаға ұйытқы болған түлектерге өлең шумақтарын арнаса, өмірден өткен Мейіржан Бесбаевтің ата-анасы мен жары қайырымды сыныптастарға алғыстарын білдірді.Іс-шара соңында 2002 жылғы түлектер қайырымдылық эстафетасын дәстүрге сай 2003 жылғы түлектерге өткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы