РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ ЖАҢА РЕФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ

451 көрілім

Түркістан қаласында танымал сатирик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штаб мүшесі Көпен Әмірбек спорт саласының өкілдерімен кездесу өткізді. «Түркістан арена» көпфункционалды спорт кешенінде өткен жиында референдум тақырыбы қозғалды. Оған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сарсенбаев қатысты.

К.Әмірбек референдумның қоғам алдындағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар, елдің өткені мен бүгінін саралап, болашақтың болжамына шолу жасап, өзіндік көзқарасын жеткізді. Жаңа реформаның қабылдануы, оған азаматтардың қатысуы, сайлау жүйесіндегі өзгерістер жайлы Б.Тәжібаев ақпараттармен бөлісті. Жиын соңында штаб мүшелері ел тарихындағы айтулы шараға жауапкершілікпен атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар, республикалық штаб мүшесі Көпен Әмірбек референдумды қолдау бойынша Конргесс Холл көпсалалы кешенінің ұжымымен де кездесу өткізді. Оған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев та қатыстып, жаңа реформа жайлы түсіндірмелер жүргізді.

“Қазір ашық, шынайы әңгіменің дәуірі. Елге өзгерістер керек. Ал ол Ата Заңнан басталады. Екінші рет қабылданғалы отырған референдумда қазақстандықтардың қозғап жүрген мәселелері қамтылыпты. Депутаттарды сайлау жүйесінде де біршама өзгерістер бар екен. Өзін-өзі ұсына алуы, әр азаматқа берілген үлкен мүмкіндік. Сондықтан алдағы референдумды қолдап, бір кісідей атсалысқанымыз жөн”, – деді республикалық штаб мүшесі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы