БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТКІЗІЛЕДІ

782 көрілім

27 мамыр күні Түркістан қаласындағы «Түркістан арена» стадионында ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына және «Баспасөз және байланыс қызметкерлері күніне» орай БАҚ өкілдері арасында облыстық спартакиаданың ашылу салтанаты өтеді. Спартакиаданың мақсаты – облыс көлемінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында дене шынықтыру мен спорттың бұқаралығын арттырып, респуликалық сайысқа облыстың құрама командасын іріктеу. Бүгін бұл туралы ҚР Журналистер Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай мәлім етті. Жарысқа жалпы басшылық жасау және өткізу облыстық дене шынықтыру және спорт, қоғамдық даму басқармалары тарапынан жүзеге асырылады. Сайысты өткізу облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.
«Спартакиада бағдарламасындағы спорт түрлері бойынша жарыстарға Түркістан өңірінде ақпарат тарататын бұқаралық ақпарат құралдары мен баспасөз мекемелері, сонымен қатар әлеуметтік желі белсенділері тапсырыс парағы арқылы қатыса алады. Өтініш беруші ұжымдарға шектеу қойылмайды. Түрлі БАҚ өкілдері бірлесіп команда құра алады.


«Төрешілер алқасының кеңесі 27 мамыр күні сағат 09:00-де өтеді. Жарыстың әділ өтуі үшін командалардың құрамын тексеру арнайы мандаттық комиссияға жүктеледі. Комиссия құрамын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының басшылары бекітеді», – деді Ғалымжан Қамытбекұлы.
Мандаттық комиссия отырысына спорт түрлері бойынша команда басшысы (өкіл) әр спортшының жеке төлқұжаты, қызметтік куәлігінің көшірмесін тапсыруы тиіс. Қажет болған жағдайда мандатты комиссия мүшелері спортшы жайлы қосымша мәлімет (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) соңғы 6 айда жұмыс жасаған анықтамасы және т.б.) сұратуға құқылы. Тексеру нәтижесі немесе қатысушы командалардың жазған арызы бойынша мәселесі қаралып, талапқа сай келмегені анықталған ойыншыны мандаттық комиссия жарыстан шеттетуге құқылы.
Жылдағы дәстүрге сәйкес жарысқа қатысатын командалар жарна төлейді. Жарна жинаумен мандаттық комиссия шұғылданады. Жарна көлемін мандаттық комиссия айқындайды. Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі 2022 жылдың 27 мамыр күні сағат 10.00-де, «Turkistan-Arena» стадионында өтеді. Спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі 2022 жылдың 18 маусым күні сағат 17-00-де, Балуан Шолақ атындағы спорттық-сауықтыру кешенінде өтеді деп жоспарлануда.


Айта кетейік, БАҚ өкілдері спартакиада асянда спорттың 7 түрінен бақ сынайды. Олар: Қазақ күресі, үстел тенисі, билиярд, шағын футбол, волейбол, арқан тарту. Мәселен, шағын футбол – команданың құрамында 7 адам (5-уі алаңда, 2-уі қосалқы). Волейбол – команданың құрамында 6 адам (4 ер адам, 2 әйел). Қазақ күресі – әр командадан әр салмақта (ерлер) 1 спортшы жіберіледі. Үстел теннисі – команданың құрамы 1 ер адам, 1 әйел адам. Жарыстар үстел тениссінің қолданыстағы қағидалары бойынша жүргізіледі. Бильярд (құрамдастырылған пирамида) – Жарыстар олимпиада жүйесі бойынша өткізіледі және бір жеңілістен кейін ойыннан шығып отырады. Шахмат – команданың құрамы 2 ер, 1 әйел адам. Ойындар қолданыстағы ережеге сәйкес өтетін болады. Жарысты өткізу жүйесі төрешілер отырысында белгіленеді. Арқан тарту – команданың құрамы 5 ер, 2 әйел адам. Жарыс қолданыстағы ережеге сай өткізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы