«AMANAT» ПАРТИЯСЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖАҢАРТУДЫ БАСТАДЫ

857 көрілім

«AMANAT» партиясының өткен съезінде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың партияны жаңғыртудың басымдықтарын, оның ішінде негізгі бағдарламалық құжаттарды қайта қарау бойынша басымдық-тарды белгілеген болатын.

Осыған орай, әрбір бағдарламалық құжаттар бойынша жеке жұмыс топтары құрылып, оның құрамына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, партия Саяси кеңесінің мүшелері, сарапшылар қоғамдастығының, үкіметтік емес сектордың өкілдері, уәкілетті мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері енді.

Бұл ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бойынша құрылған жұмыс тобының басты міндеті – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеуді қалыптастыруға, мемлекет пен қоғамды осы әлеуметтік зұлымдықпен күреске жұмылдыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу жүктелді. Өңірлік филиалдардан және партияның мәслихаттар мен Мәжілістегі депутаттық фракция мүшелерінен ұсыныстар жинақталып, бағдарлама жобалары түрлі диалог алаңдарында, сараптамалық кездесулерде, оның ішінде онлайн-форматта да талқыланды.

Осы орайда, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мәжілісі өткізілді. Мәжіліске қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде: «Сауран ауданына қарасты Шорнақ, Үшқайық, Жаңа Иқан ауылдық округі әкімдерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекет қаржысын тиімді пайдалану мақсатында атқарылған жұмыстары туралы есептері» тыңдалды. Мәжіліс қорытындысымен ауылдық округ әкімдеріне бірнеше ұсыныстар беріліп, орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды, оның ішінде:

– Шорнақ ауылдық округі бойынша жайылым жерлерді ұлғайту, 2022 жылға бөлінген қар-жыларға сапалы жұмыстарды атқару, шаруалар-ға қажетті ағын су мәселесін шешу ұсынылды.

– Үшқайық ауылдық округі бойынша тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, жаңа трансформаторлар орнату, жылы су мәселесі және суды бей-берекет пайдалануды шектеу, ретсіз салынған моншалардан түсетін салықтық төлемдерді қадағалау ұсынылды.

– Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша қоқыс тастау полигонын заңдастыру, қосымша трансформаторлар орнату, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін бөлу, ағын су мәселесін шешу ұсынылды.

М.КҮНПЕЙСОВ, Сауран аудандық мәслихатының хатшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы