ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУ – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ

454 көрілім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мәселелердің шешу жолдарын нақты көрсетіп берді. Әрине, бүгінгі заман талабына сай саяси өзгерістер керек екені даусыз.

Соның ішінде билікті халыққа жақындата түсу маңызды қадам. Сондықтан, Президент құқықтық негіздерге сүйене отырып, Парламентке өз құзыретін беретінін мәлімдеді. Халықаралық үлгіге сай өзгерістерді енгізу жолдарын ұсынды.

Партияларды тіркеу шегі 5 мыңға дейін азайтылатын болды. Мұның негізгі мәні – әділетті қоғам құру. Осылайша, халық арасынан шыққан азаматтардың билікке көбірек баруына мүмкіндік ашыла түсті деп ойлаймын.

Сонымен бірге, Жолдауда әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде байбалам емес, шешімді істер керек екені де айтылды. Ең бастысы, демократ ел, біртұтас халық, зиялы қоғам ұстанымдары үндескенде біздің саяси өзгерістеріміз жемісті болады. Мемлекет басшысының сөзінен осы қағиданы оқи алдық.

Мемлекет Басшысы өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек деп бекер айтқан жоқ. «Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағы үшін сүбелі үлес қосу әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.

Лиза ШӘМЕТ, қалалық мәдениет үйінің директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы