Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылы 16 наурыз күні Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты өзінің кезекті Жолдауында бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мәселелерге баса назар аударды.
Сонымен қатар, ел экономикасын одан әрі дамыту, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жолдары тағы басқа да көптеген мәселелер де қамтылды. Елдің ішкі экономикасын дамытуда отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру жолдары да атап көрсетілді. Ең бастысы, бұл Жолдауда Қазақстанның болашақ даму жолының бағыт-бағдарлары айқындалып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың нақты жолдары көрсетілді. Әрбір жарияланған Жолдау Мемлекет басшысы айқындаған нақты жос¬пар-стратегиялар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, рухани түлеуімізге, тәуелсіздігі¬міздің шынайы нығаюына негіз болып келеді.
Жолдау – елдің басқару жүйесіне ғана емес, әкімшілік-аумақтық өзгерістерге алып келетін негізгі айшықты ойлармен ерекшеленді. Тарихи тамырға сүйене отырып, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарын екіге бөліп, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарын құру туралы шешімі – халық күткен, көңілге қонымды іс болып отыр. Бұл – тек дәстүрлі сабақтастығымызды сақтау ғана емес, сол аумақтағы халықтың бүгінгі тұрмысына да айтарлықтай оң өзгеріс алып келері анық.
Биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдегі жағдаймен жалпы сыртқы жағдай туралы жаңа Қазақстан туралы көптеген мәселелер айтылды. Өзі Президент болғалы бері, біраз тіршіліктердің іске асып жатқаны анық. Бейбітшілік шеруге рұқсат берілгені, онда халыққа көпірме сөз емес, нақты ұсыныстар керек екендігі айтылды. Қазіргі кездегі Президенттік басқаруды бірте-бірте Парламенттік басқаруға өткізу, яғни Парламенттің өкілеттілігін кеңейту туралы айтты.
Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткендей, Конституциядағы заңдарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуге тиіс екенін жеткізді. Осындай елдегі түбегейлі өзгерістерді қолдап, Жаңа Қазақстан құрудағы жүйеге Қазақстан халқы жұдырықтай жұмылып, бір кісідей атсалысуымыз керек. Сондықтан Жолдауда айтылған ұсыныстар мен тапсырмаларды қабыл алып, оны орындау жолында бірлесе жұмыс жасауға шақырар едім. Ендеше, барлығымыз Мемлекет басшысының Жолдауын толық қолдай отырып, ел игілігі үшін талмай еңбек ете берейік.
Қ.ТӘЖІБАЕВ, Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектебінің мұғалімі.
