Бүгін, Түркістан қалалық әкімдігінің мәжіліс залында жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясының отырысы болып өтті. Он алтыншы сессияны қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы жүргізіп отырды. Сессияға қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы мен қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімінің аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №14/76-VI «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет» туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 қаңтардағы №2/9- VIІ «Түркістан қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында кондоминиум обьектісін басқаруға және кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарының 2022 жылға ең төмен мөлшерін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның отырысының қарауына Түркістан қаласындағы атауы жоқ көшеге атау беру жөнінде ұсыныс енгізу туралы шешім қабылданды.
Шапағат ҒАЙБУЛЛА.
