ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖАСЫРЫН КІРІП, ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

433 көрілім

Жетісайлық тұрғынның үйіне белгісіз біреу жасырын кіріп, «Samsung» маркалы кір жуғыш машинасын, компьютерін «Crown» маркалы бұрғылау құралы мен электронды ара құралын ұрлап кетіп, жалпы 175 000 теңге шығын келтіргенін көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Жетісайлық полицейлер осы қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде күдіктінің тұрғылықты мекенжайы анықталып, күдікті тұрғынның көршісі болып шықты. Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында күдіктінің пайда күнемдік мақсатта есікті бұзып кіріп, ұрлыққа түскендігі белгілі болды. Айғақты зат ретінде оның үйінен ұрланған заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдікті бұған дейін де сотты болып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын өтегендігі анықталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы