“Amanat” партиясының Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғаппар Амантайұлы және Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдык бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев республика бойынша өтетін референдумға байланысты Бекзат мөлтек ауданында кездесу өткізді. Шарабарысында сұрақар қойылып,тиісті жауаптар айтылды.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес 2022 жылдың 5 маусымда республикалық референдум өткізілетіндігін жариялап, қаулы етті.
