Қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс елу үшінші сессиясы өтті. Сессияны оның төрағасы С.Арыстанов ашып жүргізіп отырды. Жиынға қала әкімі Р.Аюпов, мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Е.Мұстапаев және мәслихат депутаттары мен «Астана бас жоспары» Ғылыми Зерттеу Жобалау Институты» ЖШС мекемесінің мамандары қатысты.


Күн тәртібінде Түркістан қаласының бас жоспарының жобасы талқыланды. Халық қалаулылары осы мәселе бойынша жобамен терең танысып, жіті саралады. Дауысқа салынып, бір ауыздан жақталып тиісті шешімдер қабылданды. Жиын соңында сөз алған Рашид Абатұлы маңызды қадам жасап, қаланың болашағы үшін шешім қабылдаған депутаттар мен жоба жасаушы мекеменің мамандарына алғысын білдіріп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
«Түркістан ақпарат».