БІРЛІКПЕН ТАТУЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН МЕРЕКЕЛІК КЕШ

735 көрілім

Бүгін қаламыздағы «Фараб» кітапханасында 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, мерекелік кеш өтті. «Ел тілегі – бейбітшілік» деп аталатын шараға «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының  директоры Ж.Сәдібекқызы, салиқалы әжелер алқасы, мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынның басты мақсаты  1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін өскелең ұрпаққа жеткізу. Ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін,өзіндік-өнегесін жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Шарада көрнекілікпен кітап көрмесі жасалып, талантты оқушылар  мәнерлеп өлең оқып, түркі биі биленіп, әртүрлі тілде әндер шырқалып,  «Би ана» көрінісі көпшіліктің назарына ұсынылды.

Мерекелік жиын соңында «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ж.Сәдібекқызы    бірлігі жарасқан көпұлтты тәуелсіз еліміздегі ұлтаралық бірлік пен татулықты нығайту бағытында ұйымдастырылған іс-шараға белсене атсалысқаны азаматтарды  алғыс хатпен марапаттады.

 Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы