ЕЛ БІРЛІГІ АРТА БЕРСІН!

474 көрілім

Құрметті жерлестер, қадірменді қала тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сан ұлттың басы біріккен Қазақстан – әлемге бірлігі мен татулығымен танымал ұлы мекен. Түрлі салт-дәстүрлер, тіл мен мәдениеттің ортақ ордасы болған еліміз қашанда халықтар достастығының озық үлгісі бола білген.

Қазақ қашаннан да бауырмал халық. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келгендердің бәрін бауырына басып, төрінен орын берген мемлекет. Түркі халқының ортақ қаласы Түркістанымыздың өзінде орыс, ұйғыр, өзбек, татар, шешен, башқұрт, кәріс, неміс сынды ұлт өкілдері тұрады. Осындай кең пейіл, қонақжайлылығымыз бен бауырмалдығымыз ұлтымыздың ұлы қасиеттерінің бірі.

Татулық пен келісімнің бүгінгі мерейлі күнінде еліміздің тәуелсіздігі мәңгі, келешегі келелі болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілейміз! «Тілі басқа болса да тілегі бір» шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы мен ырысы, байлығы мен берекесі арта берсін!

Н.ТҰРАШБЕКОВ,

Түркістан қаласының әкімі.

М.ТАҢҒАТАРОВ,

Түркістан қалалық

мәслихат хатшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы