ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ ХАБАРЛАЙДЫ

554 көрілім

Түркістан қалалық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу туралы конкурс өткізеді.

Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының сандық құрамы 7 (жеті) мүше деп белгіленді. Оның ішінде: 2 (екі ) мүше мемлекеттік органнан, 5 (бес) мүше азаматтық қоғамнан (коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан) іріктелінеді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарландыруда көрсетілген мекен жайға мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның (Түркістан қалалық мәслихаты) электронды мекен-жайына жібереді:

1. Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің № 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; (өтініштің электрондық нұсқасын tur-maslihat.kz сайтынан немесе Түркістан қалалық мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінен алуға болады);

2. Жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3. Кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде күнделікті 9:00 мен 19:00 сағат аралығы. Түскі үзіліс 13:00 мен 15:00 сағат аралығы.

Ескерту: Коммерциялық емес ұйымдар және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсынуға құқылы.

Түркістан қалалық мәслихат аппаратының мекен-жайы: Түркістан қаласы Әмір Темір 28, электрондық пошта turk.maslihat@mail.ru, құжаттарды қабылдауға жауапты Н.Жүсіп телефон 8-747-685-48-57.

Түркістан қалалық мәслихат аппараты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы