ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАРУДЫ ПОЛИЦИЯҒА ТАПСЫРЫП, СЫЙАҚЫҒА ИЕ БОЛ!

674 көрілім

2022 жылдың 25 сәуірінен бастап, облысымызда халықтан заңсыз сақталып келе жатқан атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша арнайы акция басталды. Мемлекет тарапынан осы үшін Түркістан облысына 14 миллионнан астам қаржы бөлініп отыр. Аталған акция бойынша 2 тәулік ішінде облыс көлемінде полицияға 6 тұрғын келіп, ата-бабасынан қалған, еш жерде тіркелмеген қаруларды өткізді. Бұл қарулардың барлығы ҚР ІІМ «Криминалдық қару» есебінің «Ерікті тапсырылған» санатына енгізілді.

Мәселен, Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел келіп, атасынан қалған 1 ойық ұңғылы аңшы қаруын өткізді. Ал келесі тұрғын болса, Түркістан ҚПБ-ға 2 бірдей қаруды өз еркімен тапсырды. Оның бірі «ИЖ-18БМ» маркалы тегіс ұңғылы 28 калибрлі қару және тегіс ұңғылы 32 калибрлі аңшы қарулары. Қазіргі уақытта мылтықтарға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қарудың техникалық жай-күйіне байланысты комиссия отырысы барысында азаматтарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы