- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан облысының Әділет департаменті Түркістан облысының адвокаттар алқасымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай 26-27 тамыз күндері азаматтардың құқықтық мәдени деңгейін арттыру мақсатында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалында өткен іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық қорғалу деңгейін арттыру. Аталған мәселелер бойынша кеңес беру алаңын құру, сонымен қатар азаматтармен қандай да бір нысандағы кері байланыс орнату да басты назарға алынды.
Акция барысында Түркістан облысының Әділет департаментінің қызметкерлері, Түркістан облысының адвокаттары қарапайым халықтың шешімін таппай жүрген сұрақтарын тыңдап, құқықтық кеңес берді. Қала тұрғындарына жан-жақты құқықтық көмек көрсетіп, заңнама нормаларына түсініктеме жұмыстарын жүргізді.
Қала тұрғындары құқықтарының қорғалуына қатысты сұрақтарға толыққанды жауап алып, ақысыз кеңестерге жүгінді. Әсіресе, қарызды қайтару, банктік несиелерді жабу секілді мәселелермен келген тұрғындардың санында шек болмады. Мұндай қабылдаулар қарапайым тұрғындар үшін аса қажетті екені акция барысында анықталды. Сондай-ақ, азаматтарға әділет департаментінің қызметкерлері түрлі сұрақтар бойынша кеңестер беріліп, Қазақстан Республикасы заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірілді.