ШЫҢҒЫС ХАН РУХЫ КІМДЕРДІ ШОШЫТУДА?

728 көрілім

Ресей императрицасы II-Екатеринаның «Егер қазақтар өз тарихын білсе, жер жүзін жаулап алар еді», – деген әйгілі сөзінің астарында үрей мен билік тізгінін ұстап отырғандарға жасаған сақтандыруы аңғарылады. Патшайым өзі тағында отырған империяның бастауында Шыңғыс ханның немересі Сайын-Бату хан құрған «Алтын Орда» хандығы тұрғанын өте жақсы білген. Патшайымның осынау үрейі мен сақтандыруынан бастау алған ұлыс елімізді тарихынан айыру үдерісі егемендікке қолымыз жеткен кезге дейін жалғасыпты. Бір өкініштісі, Шыңғыс хан туын тіккен Алаш елінің мұрагері – «Алтын орда» хандығын құлатуымен тарихтың тегерішін сан ғасырларға кері айналдырған өзге емес, түркі жұрттарының өз ішінен шыққан Ақсақ Темір екенін несіне жасырамыз?

Аталарының рухы байыз тапқан қасиетті Ұлытауды жан алып-жан беріп қорғаған Тоқтамыс хан қолын сатқын Едіге бидің көмегімен Темірланның талқандауы Бату ханнан бермен қарай мемлекет бақылауында болған Ұлы жібек жолын доғарысқа ұшыратып, сайын дала төсіндегі қалалардың тоқырауына, бірқатар кенттердің бірте-бірте жойылып кетуіне соқтырыпты. XIV ғасырдың аяғынан бастау алып, сан ғасырға созылған Ұлы ұлыстың бұл тоқырау кезеңінде Шыңғыс хан бабамыз ұйыстырған ел жүздерге бөлшектеніп, билердің ықпалындағы тегі намәлім хандар үшін Шыңғыс ханның асыл сүйегі жерленген Алаша хан кесенесі керек болмай, көрінгенге телінді. Сонымен қатар, Алаша хан мазары маңындағы Жошы хан кесенесі, Шыңғыс ханның екінші ханымы Құлан қатын мен Жошының қызы Болған ана кесенелері қараусыз қалды. Сөйтіп, өздері үшін қолайлы бұл мүмкіндікті Ресей империясы мен оның қазақ арасындағы жандайшаптары, советтік дәуірдің коммунистік қызыл билігі Қазақ елін тарихынан, Шыңғыс сынды ханынан, сол арқылы мемлекетшілдік санасынан айыру мақсатына тиімді пайдаланыпты.

2018 жылы тарихымыздың ұлы жәдігерлері болған сол кесенелерге зиярат етуге барғанда, қиянда жатқан аталмыш нысандарға сыртындағы темір шарбақтардан өзге мемлекет тарапынан ешнәрсе жасалмағанын көріп, көңіліміз құлазып қайтқан едік. Мінеки, өткен бірнеше жылдан бермен қарай үкімет Жошы хан кесенесіне көңіл бөліп, абаттандыруды қолға алыпты. Қазақ ұлысын қалыптастырған ұлыларымызға билік тарапынан осындай оңды бетбұрыс жасалып, қоғамда тарихымызға деген шынайы көзқарас әсті-әстін орнығып келе жатқанымен, ондаған жылдар бойы жат пиғылды ғалымдар тарапынан адастырылған тарихымызды өзінің табиғи арнасына салу қысқа мерзімде жүзеге аса қоятын шаруа емес екені анық, ол үлкен ғылыми мекемелердің араласуын талап ететін жұмыс. Сонда да болса, Оғыз ханның Хұн дәуірінен бастау алып, Шыңғыс ханға дейін үзілмеген аталар жолының сорабын ынта білдірген жандарға таныстыруды мақсат тұтып, руханиятымызға көзқарасы оң басылымдарда мақалалар жарияладық және «Хандар тарихы: Оғыз ханнан Шыңғыс ханға дейін» атты кітабымызды жұрттың назарына ұсындық. Бірнеше ел ағалары да осы ұлы іске үлес қосып келе жатқаны жұртқа аян.

Дей тұрғанмен, Шыңғыс ханның тегі туралы баспасөз беттерінде оң пікір білдірушілерге қарсы мақалалар жариялау, керек болса, сес көрсету әлі де болса саябырси қойған жоқ. Ондайлардың айтуынша, Шыңғыс хан моңғол халқын құрайтын Қият тайпасынан шығыпты, оған қарсы ешқандай дәлел-дәйек жоқ екен-мыс. Қият деген тайпаның түп-негізі туралы бұрында да айтқанбыз. Бұл жолы Қазақ Ұлттық университетінің профессорлары Т.Омарбеков пен Г.Б.Хабижановаға жүгінгенді жөн көрдік: «…вместе с тем определяется генетическая взаимосвязь средневековых конратов, происходящих от древнего рода Қият, с родом Қиян, от которого позднее берет свое начало род Чингисхана», деген қорытындыға келген айтулы білім ордасының оқымыстылары Шыңғыс ханды моңғол емес, қазақтың байырғы тайпаларының бірінен шығарып отыр.

Батыстық зерттеу орталықтары қазақтың белгілі оқымыстылары айтқан бұл тарихи ақиқатты осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге жария еткен екен. Мына үзіксөзде мәтіннің ағылшынша түпнұсқасының орысша аудармасын ұсындық: «Английский историк Генри Ховорс «История Монголов», 1876 г., с.38. Т.о. наиболее важная часть дарлегинов, а именно, Коныраты, которые образовали федерацию из шести племен, были, как я убежден, вовсе не монголы, а тюрки – взгляд, для которого я должен сослаться на заметки в конце этого тома, где я также пытался показать, что их земли находились, не в Маньчжурии, как аргументировал» Оссон, а в западной части пустыни Шамо – к югу от реки Онгин. с.14 Бурте-чино – волк прародитель «монгольского» императорского рода, как нам сказали, был потрмком кианов и принадлежал к племени курулас (Abulghazi, 33). Курулас,как мы сказали, были ветвью коныратов. Рашид ад Дин несколько раз говорит нам, что Алун Гоа, которая была прародительницей «монгольских» ханов принадлежала к тому же племени курулас (Id.64, note 3, by Des Maisons), чего следует, что «монгольские» ханы происходили от того же из ТЮРКСКОГО ПЛЕМЕНИ КОНЫРАТОВ. Так Кабул хан женился на Гоа Гулка, которая была из рода конырат, Исугей женился на Улун Еге или Огелен Ека, которая была из рода олхонуд. Главная жена Темуджина Бурте фуджин тоже была из рода олхонуд. …Курулас были частью тюркского племени Коныратов, т.о. связь с тюрками все еще поддерживается в этой легенде…». Ағылшын ғалымының Рашид ад-Дин мен Әбілғазының бұрмаланбаған түпнұсқалық шығармаларын сараптау негізінде жасаған бұл ғылыми қорытындысы 2008 жылы Англияда өткен Шыңғыс ханның тегі туралы халықаралық ғылыми конференцияда да тиянақталыпты.

Шынайы тарихи деректерді емес, ұлыорыстық пиғылдағы жалған ақпараттарды малданған кейбіреулер хан әулетінің тілі туралы да жаңсақ пікірлерге жол береді. Олардың айтуынша, Шыңғыс хан «әліпті таяқ деп білмеген, қарапайым жазуды меңгермеген, ең бастысы – моңғол тілінен өзге тілде сөйлемеген» екен-мыс. Олардың дәлел-дәйексіз бұл сөздерін академик А.Оловинцов нақты тарихи фактілердің негізінде былай деп теріске шығарады: «Сохранилась переписка приближенных Чингисхана с западными королями, она велась на тюркском языке. Послание к потомкам Хубилай-хана, письма некоторых правителей из Центральной Азии написаны на тюркском языке и выполнены древнеуйгурским шрифтом. Кроме того, до наших дней дошел чингизитов камень, выполненный при жизни великого завоевателя, надписи на нем на тюркском языке. Если в то время существовал монгольский язык, зачем Чингисхану тюркские надписи? Отсюда следует вывод, что Чингисхан говорил и писал на тюркском языке…» Адамның қайсы ұлысқа жататыны ең алдымен тілі арқылы анықталатынын ескерсек, Шыңғыс ханды моңғолға емес, түркі тілдес тайпалардың біріне жатқызуға толық негіз бар екен.

Қазақ халқы Шыңғыс ханын ешуақытта бөтенсітпегенін, Алаша хан деп қасиет тұтып, аңыз арқылы жадында сақтағанын орыс этнографы А.И.Левшиннің ел аузынан алып, қағаз бетіне түсірген дерегінен көріп отырмыз. Онда Қазақ хандығы әуелі ноғайлармен бір болып, дәуірлегені, алайда бұл дәуір ұзаққа бармай, билікке таласқан сұлтандар өзара қырқысып, жеке-жеке хандықтар құрып алғаны, елдің бұл бытыраңқылықтан Алаша хан бар билікті өз қолына алған соң ғана құтылғаны айтылады. Бұл аңызда Көк түріктер қағанатының 682-745 жылдары дәуірлеуі мен ыдырауы және оның атақты ханы Моғылжан-Білгі қағанның мирасқоры ретінде Алаша хан–Шыңғыс ханның қағанатты атасы Моғыл-жанның  Моғыл атымен қалпына келтіруі көрініс тапқан.

Осы орайда, Көк түріктер қағанаты дәуірінен қалған «Орхон-Енесей» ескерткіштерін көп жылдар бойы зерттеген Қаржаубай Сартқожаұлының дерегі назар аударарлықтай. Ол былай дейді: «Шивэт-Ұландағы кешен Елтеріс Құтлұғ қаған екінші Түркі қағанатын орнатып, Түркінің алты есірлі (тақты) алты Алашы (Ордасы) бас қосып, Түркі империясын құрып, бір тудың астына жинап, ел болғаны құрметіне қойылған кешен. Тұжырымдай айтсақ, екінші Түркі империясын дүниенің төрт бұрышына әлемге паш етіп жариялаған манифест. Бұл кешенге келіп тәуетушілер қағанат туына, қағанат көсемі Елтеріс Құтлұғтың тұрғызып мүсіндеген мүсініне, тайпалар бірлігін паш етіп тұрған манифест – Таңбалы ұстынға мінәжат ететін болған».

745 жылы Біліге ханның қытай тәрбиесін көрген жесірі Бөбек ханымның мекерлігінен ордада қантөгіс орын алып, Қағанат ыдыраған тұста Құлынбек бастаған ерлердің Қалқадағы қара шаңырақты ұйғырлар мен басмалдардың шабуылынан жанқиярлықпен қорғап қалғаны тарихтан мәлім. Көк түріктер ханзадалары Керей мен Найман өздерінің еншілік аймақтары негізінде хандықтар құрып алғаны да қағанаттың ыдырау кезеңімен сәйкеседі. Арада шамамен 450 жылдай уақыт өткенде, Шыңғыс ханның ыдыраған осы елдің басын қосу әрекетінен бермен қарай Алаш елі тарихы тартылады. Шыңғыс хан құрған Алаш елінің құрамы туралы академик Т.Сайдулдиннің пікіріне жол берейік. «Тарихшыларымыз алты алашқа қазақтың үш жүзін, Ташкент маңындағы құраманы, қырғыз бен қарақалпақты жатқызады. Алаш –ХIII ғасырда, қазақтың үш жүзі ХVI ғасырда қалыптасса, қырғыз ешбір тарихи кезеңде қазақпен бір тудың астында болмаған. Саяси іс-әрекетте бұл халықты туысқанбыз деп, ішке тарту орынды болғанымен, тарихты ойдан құрастыруға болмайды. Алты Алаш туралы тарихи деректер оған Керей, Найман, Меркіт, Қоңырат, Жалайыр және Моңғол жерінде болған Татарды жатқызады. Алтын Орда заманында татарлар басшысының атымен «Ноғай» атанды. Алтын Орда ыдырап, қазақ болған рулар шығысқа қарай қайтқанда, ноғайлар батыста қалған.Ол заманнан қазақ пен ноғайдың қоштасу жырлары сақталған», дейді. Академик Т.Сайдулдинге сенсек, «Шыңғыс ханға бағынған қаншама тайпалардың ішінде алаш атанғандардың мерейі үстем болып, әскердің ең бір айбынды қуатты құрамы болды. Олардың көрнекті өкілдері әскербасылық, мемлекеттің беделді биік дәрежелерін иеленген».

Көк түріктер қағанаты ордасы мен Шыңғыс ханның Алтайда құрған алты Алашының сабақтастығын айғақтайтын тағы бір тарихи дерекке назар аударайық. 1260 жылы Құбылай ханның ордасына сапарлап келген парсы жиһанкезі Ата-Мәлік Жувейн сол өңірде Көк түріктер қағанатының ханы Білігенің тұсында бой көтерген Құтлұғ хан, Алып Елетміш (Алпамыс), Күлтегін, Түнкүк сынды, т.б. сол заман қайраткерлерінің ескерткіштері дін аман екенін көріп, бұл нысандардың жанындағы храмдарда тәңіршіл шырақшыларды кездестірген. Біліге хан әмірімен қойылған күзет тобының ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасуын тәңіршілдік дәстүрдің беріктігі, сонымен қатар тарихи сабақтастықтың ғажайып үлгісі деп білеміз.

Шыңғыс хан тұсында Алтайдағы алты тайпадан тыс, тілі мен салт-дәстүрі бірегей көптеген ру-тайпалардың Алаш туы астына өз еркімен енуімен Қазақ ұлысының іргетасы қаланыпты. Бүгінгі қазақ елі құрамына енген тайпалардың қатарынан тек Еділдің арғы бетін мың жыл бойы мекендеген Қыпшақ хандығынан өзге ешбір тайпаның Шыңғыс ханға қарсы болғаны туралы дерек кездеспейді. Оған Шыңғыс қаған Сүбедей баһадүрді мол тартумен аттандырып, туысымызсыздар, бірге болайық деп ұсыныс жасаған еді. Шыңғыс ханның бұл ұсынысын қабылдамай, бірде аландармен, тағы бірде орыстармен одақтасып, қарсы шыққан қыпшақ ханы жеңіліс тауып, елі Алаштың қатарынан орын алды. Ал Сыр бойындағы Отырар қаласын бейбіт түрде қосып алу үшін мол сый-сияпатпен елші аттандырған Шыңғыс ханның ұсынысы жүзеге аспауына Хорезм-шах қуыршағы болған Қайыр ханның тап өзі кінәлі екенін ел біледі, сондықтан оған тоқталмадық.

Теріс ниетті баз біреулер қағанға қысастықпен күйе жағып жатқанда, атамызды бәле-жаладан арашалап алғаны үшін моңғол халқына қазақтың халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов жариялы түрде рахмет айтқанын неге ұмытайық!? Мұны тұтас қазақ халқының атынан айтылған алғыс деп білер едік. «Екінші мың жылдық адамы» атанған Шыңғыс ханды пір тұтқан моңғол халқы бүгінде жаман болып отыр ма? Дамудың демократиялық жолына түскен Моңғолия елі экономика мен өмірдің барлық салалары бойынша алға жылжып келе жатқанының куәсіміз. Ел тарихының тұтас дәуірін қамтитын Шыңғыс ханды дұрыс зерттеу және қабылдай білу руханиятымыз үшін тек қана оң өзгеріс әкелерін түсінсек, қанеки!

Оңғар НАҚЫП.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы