Ордабасылық тұрғындар қорадағы малдарын қымбат бағаға сатып береміз деп, сенімдеріне кіріп, қарызға сатып алып, айтқан уәдесін орындамай, не малдарын қайтарып бермей әбігерге салды деп арызданды. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 4 миллионға жуық теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Осындай алаяқтық жолмен тұрғындарды алдап, өзінің құрығына түсірген жас жігіттерді ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Куәлардан жауап алынып, күдіктілердің болуы мүмкін жерлер мұқият тексерілді. Қазіргі таңда ұсталған екі күдікті қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
АЛАЯҚТЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН КҮДІКТІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ
460 көрілім
