Түркістан облысында Қазығұрт ауданының әскерилерінің қатысуымен «Батыл тойтарыс-2022» әскери-тактикалық оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр.

Түркістан облысы әкімі аппаратының аумақтық қорғаныс қызметінің басшысы Бабай Алдабергеновтің айтуынша оқу-жаттығу жиынына бұрын әскери борышын өтеген азаматтар шақырылған. Мақсаты– олардың физикалық және әскери-саптық дайындығын тексеру және күшейту. Кез келген сәтте отанымызды қорғауға әрбіріміз дайын болуымыз керек екендігін түсіндірді.

Оқу-жаттығу жиыны барысында азаматтар әскери тактикаларды қайта пысықтап, қару қолдану машықтарын еске түсірді. Спорттық сайыстардан сынға түсіп, физикалық әлеуеттерін күшейтті. Аумақты, нысандарды қорғау, әскери тактика бойынша білімдерін жетілдірді. Жаттығу 22 сәуірде аяқталады.
