ҚҰРМАНҒАЗЫ ОРКЕСТРІ ТҮРКІСТАНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

1  098 көрілім

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің «Тұран даласына күй шашу» атты гастрольдік концерті Түркістан облысында «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде жалғасын тапты.

Түркістанға арнайы келген тарихи оркестр өнерсүйер қауымға қазақ халқының күйлері мен ұлы композиторларының әндерінін тарту етті.

Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі – Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Ысқақова, Мәдениет саласының үздігі – Айнұр Әбілдаева қатысып, жұртшылықтың ықыласына бөленді. Оркестрдің бас дирижері – «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген мен дирижер, мәдениет қайраткері Жексен Айсын түркістандықтарды музыка әлемінде тербете алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы