КЕНТАУЛЫҚ АНАЛАР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

1  021 көрілім

Кентау қаласының көп балалы, құрметке лайық аналарын қала әкімі Рашид Аюпов қабылдады. Қала басшысы Мемлекет президенті Қасым-Жомар Тоқаевтың жарлығына сәйкес «Алтын алқа» , «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстап, құттықтады.

“Жиын жақсы өтті, керемет ұйымдастырылған екен. Күміс алқаны маған қала әкімі өзі табыстады. Қуаныштымын, Алқа алдым деп мақтанбайбын, Алланың берген аманаты деп білемін. Әр ана жиған дүниесімен емес, балаларының жетістігімен мақтануы керек. Қазір бір дүние есіме түсіп тұрғаны. Елге келген бір түрік кісі айтқан екен. Қазақ халқы данышпан, көп бала дүниеге алып келсең медаль береді деп, шынында түркі халқында ондай жоқ екен. Қаншама аналардың медаль алып жатқанына өте қуаныштымын, үлкен рақметімді айтамын”, деді кентаулық көп балалы ана “Күміс алқа” иегері Мереке Полатқызы.

18 көпбалалы ананың екеуі «Алтын алқа», қалғаны «Күміс алқа» иегері атанды. Қазіргі таңда Кентау қаласы бойынша «Алтын алқа» иегерлері – 462, «Күміс алқа» иегерлері – 948 , жалпы саны 1510 көп балалы ана бар. Сонымен қатар, I-II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар – 65, «Батыр аналар» саны 35-ті құрап отыр.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы