ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛДЫ

750 көрілім

Облысымыздың 6 ауданынындағы, 22 елді мекенге газ орнатылды. Бюджет есебінен газбен қамтамасыз етілу үшін 410,7 шақырым газ құбыры салынған. Солардың бірі Сауран ауданына қарасты Теке, С.Қожанов, Н.Оңдасынов және Б.Жалаңтөс ауылдары газға қосылды. Бұл елді мекендерде 956 үй болса, оның 125-і газды қосуға дайын. Тағы 18 әлеуметтік, 10 коммуналдық нысан орналасқан.

Осы айдың соңына дейін барлық 22 елді мекен газға қосылады. Олар: Шардара ауданындағы Қоссейіт ауылы, Бәйдібек ауданындағы Мыңбұлақ, Жүзімдік, Бестоғай, Ақбұлақ, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ, Мәдениет, Ынтымақ ауылдары, Сарыағаш ауданына қарасты Жаңаталап, Ақүй, Құркелес, Дастан, Алғабас ауылдары, Сауран ауданында Сұлтанбек Қожанов, Нұртас Оңдасынов, Б.Жалаңтөс ауылдары, Отырар ауданындағы Ынталы, Мыңшұқыр, Қоғам ауылдары.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде халық тығыз орналасқан. Табиғи газға сұраныс жоғары. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы бағытта жұмысты жүйелеп, мәселеге баса назар аударып келеді. Алдағы уақытта да газдандыру жұмыстары жалғаса береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы