- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
25-ші сәуір дүниежүзілік безгекпен күрес күні. Осыған орай Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір тұрғындарына безгек ауруы туралы хабардар етіп, сақтану жолдарымен бөлісуді жөн санайды. Безгек –масалардың шағуы арқылы қанмен берілетін инфекциялық аурудың түрі. Масалардың барлығы безгек ауруын таратушы деген сөз емес. Аталған дертті масалардың анофелезді түрлері ғана таратуға қабілетті. Түркістан облысында Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Сауран аудандары безгек ауруы бойынша қолайсыз аймақтар қатарына жатады.
Сондықтан осы аудандарға қарасты елдімекендердің су айдындарында эпидемиялық маусым кезінде 2 реттен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Аурудың алдын-алу үшін жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстары шамамен 16-20 мамыр, 20-24 маусым аралығында жүргізіледі. Түркістан өңірінде безгек ауруы соңғы рет 2009 жылы тіркелген. Египет елінде оқыған азамат індетті сырттан алып келгендігі белгілі болған еді. Безгек аурушаңдығы жыл сайын әлемде 400 000 науқастың өмірін қиса, өлім жағдайларының үштен екісі бес жасқа дейінгі балалар болып табылады. Безгек індетінің алдын алу үшін:Масалардың шағуынан қорғанып, механикалық қорғаныш құралдары (жапқыштар, торлар) және репелленттер пайдалану керек;
Емдеу мекемелерінің профилактикалық іс-шаралар дайындығын күшейту; Шет елге сапарға шығар алдын химиопрофилактика жүргізу ұсынылады; Немесе безгек ауруына қолайсыз шет елдерде болып келген соң, температура көтеріліп, денсаулығыңыз сыр берген жағдайда тез арада медициналық көмекке жүгіну керек.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.