АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

1  089 көрілім

Бүгін этноауыл алаңында «Ер түріктің бесігі Түркістанға – Алтын бесік Ақтөбеден» атты Ақтөбе облысының Түркістан қаласындағы мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтті.

Аталған шара алаң шеңберінде орналасқан Ақтөбе облысының алып энциклопедиялық жинағының ашылуымен және  ақтөбелік өнерпаздардың ән-жырымен басталды. Салтанатты жиын барысында киелі шаһарға табан тіреген мәдени-рухани керуеннің мерекелік шаралары таныстырылды.

Сондай-ақ, мәдени шара Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Ораққызының, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлының құттықтауына ұласты. Қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Құлбайымбетов те тарихтан сөз қозғап, екі облыс арасындағы өткен күндердегі байланыс пен қазіргі маңызды достық қатынасты мысалға ала отырып, көпшілікке тағылымды ой тастады. Ал Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақтөбелік ақын Ертай Ашықбаев түркістандықтарға ақтөбеліктердің сәлемін жырмен жеткізді.

Екі облыс арасындағы рухани бірлік пен достықты ту еткен мерекелік шара Ақтөбе облысының  ұйымдастырған этнографиялық коллекциялары және қолөнершілер жәрмеңкесімен, сонымен қатар, «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблінің, дәстүрлі әншілердің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы