Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «YASSY BUSINESS» бағдарламасы аясында Түркістан қаласы «Керуен Сарай» туристік кешені және «ECO BAZAR» аумағында, сондай-ақ Түркістан қаласының өңдеуші өнеркәсіп, білім, туризм және денсаулық сақтау салаларында кәсіпкерлігін жүргізетін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беру басталуда.

Бұл – бизнес бастайтын жеке кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Қаржыландыруды келесідей максималды жеңілдетілген шарттармен беріледі. Жылдық өсімі 4% ды құрйды. Несиенің максималды соммасы 8000 АЕК артық емес, «Керуен Сарай» туристік кешені үшін 20 000 АЕК аспайды. Несие мерзімі инвестицияға 84 айға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін беріледі. Мақсатты топ «Керуен Сарай» туристік кешенінде және «ECO BAZAR» сауда орталығы, сондай-ақ Түркістан қаласында өңдеуші өнеркәсіп, білім, туризм және денсаулық сақтау салаларымен айналысатын кәсіпкерлер бизнес бастайтын кәсіпкерлер.

Айта кетейік, Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен сарай» туристік кешені сәуір айында ашылды. Кешен Түркістанның тарихи орталығында орналасқан. Мұнда заманауи қонақ үйлер, мейрамханалар, фуд-корттар, сауда орталықтары мен базарлар жұмыс істейді.