- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің сенат залында, Ғылым декадасы аясында «Тұрақты даму ғылыми-зерттеу орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жиын қазақ, түрік, ағылшын, орыс тілдерінде болды. Ашылу салтанатына келген қонақтарға Түркістандық өнерпаздардан арнайы ән шашу шашылды.

Жиынға БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты және Өкілетті елшісі Моника Иверсон, Солтүстік Македонияның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты және Өкілетті елшісі Сали Лимани, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы А.Байменов, БҰҰ-ның Қазақстандағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек және университет ректоры Жанар Темірбекова, Ректор өкілі, профессор доктор Женгиз Томар және ұстаздар мен білімгерлер, қалалық бақ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, зум бағдарламасы арқылы шетелдік лауазымды тұлғалар да бүгінгі шараға қатысты.

Орталықтың мақсаты – 2015 жылы БҰҰ-мен қабылданған Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі шаралар және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша жаңа ізденістер-зерттеулер жүргізу, сонымен бірге олардың нәтижелерін қолданысқа енгізу болып табылады.
Шапағат ҒАЙБУЛЛА.