Бүгін қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шауғар» тұрғындар алқабымен кездесу өтті. Жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Қалмырзаұлы мен мәслихат депутаттары Сакен Мырзанұлы, Ғаппар Амантайұлы, Мәди Аманжол қатысып халықтың өтініштерін тыңдады.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар аймақтағы мәселелерді шешу бойынша біраз арыз тілектерін жеткізді. Жиынға келген аналар әлеуметтік пен АСП мәселесін алға тартты. Сонымен қатар, аймақта ауыз су тапшылығы мен жол және жарық мәселелерін тілге тиек етті. Айтылған өтініштер мен арыздар бойынша қала басшылығы тиісті мекемелерге тапсырмалар берді.